2026 жылғы 12 қазанда «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМҚК-де «Адал адам және Республика күні» тақырыбында комплаенс бойынша кеңес өтті.
Комплаенс-офицер Видершпан В.А. «Адал азамат» құндылықтары, азаматтық жауапкершілік және педагогтің кәсіби әдебі туралы ақпарат ұсынды. Қатысушылар әділ бағалау, мүдделер қақтығысының алдын алу және әріптестермен, оқушылармен, ата-аналармен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Шығармашылық жұмыстардың авторлығын сақтауға ерекше назар аударылды.
Кеңесте адалдықты, жауапкершілікті және өз еліне құрметті тәрбиелеуде педагогтің жеке үлгісінің маңызы атап өтілді.
