2026 жылғы 28-29 қазанда Түркістан қаласында «Балаларға қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары: сапа, қолжетімділік, таланттарды дамыту, инновациялар және кәсіби өзін-өзі анықтау» тақырыбында Қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың, білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың, дарынды балаларды анықтау мен қолдаудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың және жеке қабілеттерін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Инновациялық тәсілдер мен заманауи білім беру технологияларын енгізуге, қосымша білім беру мазмұнын жетілдіруге, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауы үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Отырысқа қатысушылар тәжірибе алмасып, қосымша білім беру ұйымдарын дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады және олардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттерді белгіледі.
Осындай іс-шараларды өткізу басшылардың кәсіби өзара іс-қимылын нығайтуға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.