2026 жылғы 12 қаңтарда А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде педагогикалық ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау мәселелеріне арналған ай сайынғы кеңесі өтті.
Кездесу барысында білім беру ортасындағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысы мәселелері, сыйлықтарды қабылдаудың жол берілетін шектері, сондай - ақ комплаенс - офицердің кеңес беруші механизм ретіндегі рөлі қарастырылды. Ашықтықты, тең жағдайларды және кәсіби этиканы сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай іс - шараларды өткізу білім беру ұйымында сенім мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
