Оның жұмыстарында ұлттық бейнелер, философиялық ой - толғамдар және түстің эмоционалдық қуаты үйлесім табады. Төлепбайдың экспрессионистік қолтаңбасы айқын: қарқынды бояулар, батыл қимылдар, символдық образдар мен адам жаны мен мәдени жадына қатысты терең тақырыптар оның шығармашылығына тән.
Суретші дәстүрлі мотивтерді заманауи түрде жаңғыртып, өзіндік көркем тіл қалыптастырды. Түстердің күшті энергиясы арқылы адам ішкі жан дүниесін жеткізеді. Оның шығармашылығы жаңа буын суретшілеріне ықпал етіп, Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнерінің келбетіне әсерін тигізуде.