«Қостанай қаласының күні: шығармашылық және шабыт мерекесі»
Қостанай қаласының орталығында Қала күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Жарқын мереке қала тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, барлығына жақсы көңіл-күй сыйлап, шығармашылық іс-шаралардан ләззат алуға мүмкіндік берді.
Мерекелік бағдарламаға А.И. Никифоров атындағы көркемөнер мектебінің ұжымы белсене қатысты. Көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мүсінінің жанында сүйікті қаласына арналған оқушылардың шығармашылық еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жас суретшілер Қостанайдың, оның көшелерінің, сәулеті мен табиғатының сұлулығын бейнелейтін өз жұмыстарын ұсынды.
Балалар шығармашылық алаңға ерекше қызығушылық танытты, онда кез-келген адам өзінің көркемдік қабілеттерін көрсете алды. Жас қатысушылар асфальтқа бор салып, жарқын және түрлі-түсті суреттер жасады.
Мерекенің ажырамас бөлігі аквагрим болды. Балалар ертегі кейіпкерлеріне айналып, өздеріне мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, беттері мен қолдарын суреттермен безендірді.
Мереке балалардың, педагогтардың және қала тұрғындарының басын қосқан нағыз шығармашылық мерекесіне айналды. Мұндай іс-шаралар жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі және туған Қостанайға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.