2026 жылғы 7 шілдеде КМҚК «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде» 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында педагогикалық ұжымның онлайн-кеңесі өтті.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, адалдық қағидаттарын және кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы ұсынымдар берілді.