2026 жылғы 2 наурызда КМҚК «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде» Корпоративтік әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
▫ қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
▫ мүдделер қақтығысының алдын алу;
▫ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Баяндамамен комплаенс-офицер В.А. Видершпан сөз сөйлеп, білім беру ұйымы қызметіндегі заңдылық, адалдық, объективтілік және ашықтық қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
Білім алушыларды объективті бағалау, сыйлықтар алуға жол бермеу және ықтимал мүдделер қақтығысы туралы уақтылы хабарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және кәсіби әдеп нормаларын сақтау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Біздің мектеп - сенімнің, ашықтықтың және жауапкершіліктің кеңістігі.