2026 жылғы 4 мамыр күні КМҚК «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде» педагогикалық ұжымның «Комплаенс қарапайым тілмен» тақырыбында кеңесі өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, кәсіби әдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ұжымда ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Педагогтер жұмыс барысында туындайтын практикалық жағдайларды, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау, кәсіби қызметтегі ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.
Осындай кездесулер білім беру ортасында адалдық, сенім және өзара құрмет мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.