Республикалық тамыз білім беру қызметкерлерінің конференциясы
2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен «Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында дәстүрлі республикалық тамыз білім беру қызметкерлерінің конференциясы өтті.
Конференция барысында жаңа Конституцияның құндылықтарын білім беру жүйесінде іске асыру тетіктерін айқындау, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ «Адал азамат» мәдениетін нығайту және «Заң және тәртіп» қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды