2026 жылғы 9 қазанда Қостанай қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық пен корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс-қызметтердің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараға «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМҚК комплаенс-офицері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу, сондай-ақ комплаенс-қызметтердің жұмысына қойылатын жаңа талаптар талқыланды.
Мұндай іс-шаралар кәсіби құзыреттілікті арттыруға, адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.